Accessibility links

Өзіне құқық беруді талап ету үшін Иранның күрдтері майдан құрды


Ирандағы күрдтердің бір тобы осыған дейін ескерілмей, аяққа тапталып келген құқықтарын құрметтеуді бейбіт жолмен талап ету үшін қоғамдық қозғалыс құрды. Күрдтердің Біріккен майданын құрған Бахаиддин Адаб Теһранда журналистерге жаңа ұйымға 3 мыңға жуық адамның келіп қосылғанын хабарлады. Бірақ бірқатар күрд белсендісі жаңа қозғалыстың құрылуын – кейбір реформашыл топтың билікке ілінгісі келуімен түсіндіреді.

“Азаттық” Радиосына берген сұхбатында “Күрдтердің біріккен майданының” құрылтайшысы Бахаиддин Адаб аталмыш қозғалыстың Ирандағы күрдтердің осыған дейін ескерілмей келген құқықтарын бейбіт жолмен қорғау үшін құрылғанын атап көрсетті. Бұрын парламенттің депутаты болған М.Адаб майдан Иран заңдарына сәйкес жұмыс атқарып, қантөгіске бармайтынын айтады.

М.АДАБ: “Күрдтер мекендейтін аймақтарда еркіндік шектеулі және бүкіл Иран халқы пайдаланған демократияны күрдтерге де алып беру керек; екінші проблема – теңдік – күрдтер мекендейтін аймақтар шеттетуден және саясат пен экономика, әлеумет пен мәдениет сынды барлық саладағы жек көрушіліктен зардап көріп отыр. Күрдтер – ресми биліктің қатарында жоқ және олар үшін экономикалық даму жоқ; біздің елдегі күрдтер тұратын 4 аймақ дамымай артта қалған және ештеңе жоқ. Олар өздерінің мәдени өркендеуінде де шектеу көріп, мәдени оқиғаларға бөгет болып отыр. Міне осы проблемалардың барлығы күрдтер тұратын аймақтарда бұрын болып көрмеген әлеуметтік проблемаларды туғызды, мысалға - отбасының ажырасуы, өзіне өзі қол салып өлу сынды проблемалар және олар қазір қанат жайып барады”.

Күрдтер – Иран халқының шамамен 7 пайызын құрайтын ірі этникалық топтың бірі. Күрдістанды қоса алғанда олар Иранның батыс аймақтарына қоныстанған. Бахаиддин Адабтың айтуынша, күрдтер мекендейтін өлкелерде таяуда жүргізілген қоғамдық сауалнама көрсетіп бергендей, жергілікті халықтың көпшілігі “Біріккен майданның” құрылуын қолдайды. Өткен жазда күрдтердің бірнеше қаласында болған қақтығыстар “Күрдтердің біріккен майданын” құрудың қажет екенін анық байқатты.

М.АДАБ: “Адамдар қайсыбір проблеманы жеке өзі шешуге ұмтылғанда проблемаға душар болады және ешқандай нәтижеге жете алмайды, біз оған куә болдық. Мұндай әрекеттер үкіметтің күш қолдануына соқтырады. Бұл халық үшін зиян және біздіңше, күш қолдану халыққа да, үкіметке де керек емес. Өйткені, ол билік пен халықтың арасын алыстата түседі. Сонымен қатар соңғы айларда біз қантөгілгенін көрдік, ол көпшілік халықтың намысына тиді”.

Өткен шілде айында Махабад қаласында “Шаване Қадери” деген атымен белгілі күрд белсендісі бастаған шеру болып, көп адам қамауға алынды. Бане, Санандаж, Сардашт сынды өзге қалаларда жалғасқан халық толқуы барысында бірнеше бейбіт тұрғын мен полиция қызметкері құрбан болды. Иран үкіметі халық толқуы үшін бар жауапкершілікті “бұзақылар мен қылмыскер элементтерге” жүктеп, банктерді қоса алғанда, қоғам мен мемлекетке қарайтын ғимараттарға нұқсан келтірді деп айытады. Алайда адам құқын қорғаушы ұйымдар Иран үкіметін кісі өлімін тергеп, халық толқуы барысында ұсталған белсенділер мен журналистерді босатуға шақырды. Бахаиддин Адабтың айтуынша, “Біріккен майдан” қозғалысы – саяси партия немесе үкіметтік емес ұйым болып табылмайды. Бахаиддин Адаб өзінің құрған қозғалысы көздеген мақсатына жете алады деп үміттенсе, күрдтердің өзге белсенділері оған күмәнмен қарайды. Олардың ішінде Күрдістандағы адам құқын қорғаушы ұйымның жетекшісі Мұхаммад Садиқ Кабудванд та бар.

М.КАБУДВАНД: “Біздің қазіргі президентіміз де дәл сол проблеманы көтереді, оның айтуынша, Иранның барлық халқына тең құқық бергісі келеді. Адаб мырза да осы нәрсені айтады немесе ол демократияны сөз етеді. Реформашылдар да демократия туралы мәселе көтерді. Алайда демократия мен тең құқылық, шынында да, күрд халқына берілді ме? – Жоқ! Адаб мырзаның айтуынша, біз заң бойынша іс атқарамыз, ол заңда көрсетілген. Бірақ өткен 25 жылдан бері болған бұл заңды қолдануға үкімет мұрша бере ме? Күрд өкілдері талап етіп жатқан құқықтарды айтпағанда, осындай маңызды мәселеде ешқандай қадам жасалған жоқ. Белсенділердің басым көпшілігі “Бірккен майдан” тағы да билікке ілінгісі келеді. Бар болғаны – осы!”.

Өткен тамыз айында БҰҰ-ының қоныстандыру жөніндегі арнайы өкілі Милоон Косари (Miloon Kothari) 12 күн Иранда болып, қоныстану, азаматтық құқық және жерге деген құқықтарына келгенде Ирандағы күрдтер сынды азын-аулақ халықтардың шеттету көріп отырғанын бірінші кезекке қойды.
XS
SM
MD
LG