Accessibility links

Украина мен Ресей Украинаға сатылатын газ бағасы жөніндегі дауды бүгін шешті


Бұл жөніндегі келісімге Ресей мемлекеттік газ монополиясы Газпром мен Украинаның мемлекеттік компаниясы Нафтогаз қол қойды деп жарияланды. Бұл жөнінде Нафтогаз жетекшісі Олексий Ивченко былай деді:

- Біз Ресей және Орталық Азиядан, РосУкроЭнергодан өзара келісе газ алатын болдық. Газдың бір мың шаршы метрінің Украина Ресей шекарасындағы бағасы 95 доллар болмақ, - деді Нафтогаз жетекшісі.

Ал бес жылдық келісім бойынша Газпром Ресей-Украина сауда компаниясына 230 доллардан сатпақ. Ал бұл компания Ресей газын Орта Азиядан келетін газбен қосып Украинаға 95 доллардан сатады. Ол осы кезге дейінгі бағадан 50 долларға қымбат. Ал Ресейдің Украина арқылы Еуропаға өтетін газы 1,09 доллардан 1,60 долларға дейін көтерілмек. Бұл арада Еуропа одағынан комиссионер Ресей мен Украина арасындағы газ келісімін құттықтады.

- Біз бұл келісімге ризамыз. Бұл келісім біздің бүгінгі жиынымызға үлкен сеніммен отыруымызға жақсы қолдау болады, - деді Андрис Пибалгс.

ЕуроОдақ бүгін Ресей газының бұдан былай да ЕуроОдақ елдеріне жеткізілу мәселесін төтенше бас қосуда талқылап жатыр.
XS
SM
MD
LG