Accessibility links

Бүгін МАГАТЭ агенттігі Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін талқылайды


ВЕНА. Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің басшысы Иран өкілінен Теһранның ядролық бағдарламасы жөніндегі соңғы мәлімдемесін түсіндіруді сұрады. Халықаралық қауымдастықтың қарсылығына қарамастан, сейсенбі күні ресми Теһран келесі аптада уранды байытуын бастайтынын хабарлаған болатын. Халықаралық агенттік басшысы Мохамед Әл-Барадей Иран өкілі Мохаммед Мехди Ахунзадеһті Теһранның бұл мәлімдемесін айқындауға шақырды. Бүгін Венада МАГАТЭ агенттігі Иранның ядролық бағдарламасы мәселесіне арналған жиналыс өткізеді. Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы дейді, бірақ бұл айыптауларды Теһран жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG