Accessibility links

Израиль премьер-министрі қайтадан ауруханаға түсті


ИЕРУСАЛИМ. Дәрігерлердің айтуынша, Ариель Шаронның миына қан құйылған.

“Премьер-министр ауруханаға келген кезінде ес-түсінде болған. Кейін Шаронның жағдайы нашарлаған соң оған жансыздандыру дәрісі салынды және арнайы медициналық аппарат арқылы рентген жасалды. Нәтижесінде оның миына қан құйылғандығы анықталды. Дәрігерлер қазір оған операция жасап жатыр”, - деді Шаронның кеңесшісі.

Билік қазір Шаронның орынбасары Ехуд Олмертке тапсырылды. Ал осыдан үш аптадай бұрын 77-жастағы Израиль бас министрі микро-инсульт алып, ауруханаға түскен болатын.
XS
SM
MD
LG