Accessibility links

Британияның зертханасында осы аптада Түркияда үш адамның өліміне себепкер болған құс тұмауының вирусы екендігі анықталды


Анкара. Құс тұмауының құрбаны болған балалардың үшеуі де құс фермасына жақын жерде тұрған бір отбасынан еді. Бұл аралықта Әзірбайжанның ресмилері жақында елдің оңтүстігіндегі фермаларда мыңдаған құстардың қырылуы құс тұмауына қатысты болмаған деп мәлімдеді. Жұмбақ дерттен құстар жаппай өлген Әзірбайжанның Массали аймағы Иранға жақын және Түркияның құс тұмауы бірнеше адамды мерт еткен өлкесінің оңтүстік-шығысында 500 шақырым қашықтықта жатыр.
XS
SM
MD
LG