Accessibility links

Түркияда тағы үш адамнан құс тұмауы табылды


АНКАРА. Түркияның шығысындағы Ван провинциясында төртінші адамнан “құс тұмауы” табылған соң, билік орындары аймақтағы үй құстарын жойып жатыр. Бұдан бұрын Түркияда “құс тұмауының” H5N1 вирусынан екі жасөспірім қайтыс болған-ды. Дәрігерлердің айтуынша, құс тұмауы індетіне шалдыққан тағы екі бала қазір ауруханада жатыр. Иранның денсаулық сақтау министрлігі Түркиямен шекарадағы бақылауды күшейттіргенін хабарлады. Соңғы хабарларға қарағанда, Анкарада тағы басқа үш адамнан құс тұмауы табылған.
XS
SM
MD
LG