ИЕРУСАЛИМ. Бүгін дәрігерлер операция жасалған Израиль премьер-министрі Ариель Шаронның миын қайтадан рентгеннен өткізді. Шарон миына қан құйылып, сәрсенбі күні ауруханаға түскен болатын. Дәрігерлердің айтуынша, қазір Шаронның жағдайы бірқалыпты бірақ әлі де күрделі. Премьер-министрдің міндетін уақытша атқарып жатқан Ехуд Олмерт бүгін жиналыс өткізіп, Израиль үкіметі саясатын Шаронның ұстанған бағытымен одан әрі жалғастырады деді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?