Accessibility links

Түрік ресми орындары ел астанасы Аңқарада екі бала мен бір үлкен адамның құс тұмауы дертіне шалдыққаны расталғанын хабарлады


Сөйтіп, Түркияда құс тұмауы дертін жұқтырғандардың жалпы саны кемінде тоғыз адам болып отыр. Түркия Денсаулық Сақтау Министрі Реджеп Ақдағ және Әлемдік Денсаулық Сақтау ұйымының ресми өкілдері жексенбі күні Ван өлкесіне сапар шекті. Мұнда өткен аптада құс тұмауынан екі бала қайтыс болған еді. Түркия Денсаулық Сақтау Министрі әзірге құс тұмауы адамнан адамға жұққанына меңзейтін белгі жоқ деп отыр.

"Құс тұмауының бұл түрі адамнан адамға жұқпайды. Ол тек құстан адамға жұғуы мүмкін. Шүкіршілік, дертке шалдыққандар саны аз, алайда біз қырағы болғанымыз абзал", - деді Реджеп Ақдағ.

Бұл екі арада, Ресей ресми орындары өз азаматтарына Түркияға сапар шекпеу жөнінде кеңес берсе, Иран Түркиямен арадағы шекара бекеттерінің кемінде бірін жауып тастағаны жөнінде хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG