Франция Сыртқы İстер Министрі оқиғаның бұлайша өрбуіне байланысты өз елінің "ерекше алаңдап" отырғанын мәлімдесе, Ақ Үй уәкілі Иран ядролық зерттеулерін қайта бастайтын болса, бұл елдің мәселесі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде қаралуы тиіс деді. Дүйсенбі күні Иран ресми орындары ядролық зерттеулерді Халықаралық Атомдық Энергия агенттігінің бақылауы астында қайта жандандырмақ ниеті барын тағы бір рет растаған болатын.