Accessibility links

Қаңтардың 9 күні түнде Астанада ауа температурасы 43 градусты көрсетті


Қаңтардың 9 күні түнде Астанада ауа температурасы 43 градусты көрсетті. Ал, 10 күні күндіз 36 градусқа жетті. Ауа райын болжау қызметкерлерінің түсіндіруінше, соңғы бірнеше жылда мұндай аяз тіркелмеген. Сондықтан Астананың уақытша оқшаулау орталығына аяқ қолдарын, құлақтарын үсіріп алғандар көптеп түсуде.

Сықырлаған аяздан көрген кесірі жайлы Астанаға машинамен келген Орал тұрғыны жүргізуші Қайнар Исабеков түнде болған оқиғасын айтып берді. Камаз көлігінің дөңгелегі жолда тесіліп қалды, оны ауыстырып жүріп келе жатыр едім жаңағы ауыстырған дөңгелек тағы тесілді, қайта ауыстырайын десем бүтін дөңгелек жоқ. Сондықтан, шайбаны майыстырып, тесілген камераны шымшып, дөңгелекті қайта салдым, дейді ол. Осылайша аязда жұмыс істеп жүргенде құлағымды үсіріп алдым, дейді жүргізуші Қайнар Исабеков:

- Мен өзім Астанада бірінші рет болып тұрмын. Негізі салқын деп естігенмін. Бірақ, мұндай салқынға тап болам деп ойлаған жоқпын. Көрші 20 шақырым жерден келу керек болды. машина тұрып қалды. Құлақшыным түспейді, содан барып құлағым үсіп кетті. Техника бір жағдай болып тұрып қалса, мына аязда адам үсіп өледі.

Астанада түнде бұрқасын соғып, күндіз аязға ұласты. Бір қызығы Астанада жел жан жақтан соғады. Жазық жерде орналасқан бұл қалада әрдайым жел соғып тұрады. Статистика мәліметінше, Астанада қыс 5 жарым айға созылады. Алғашқы қар қараша айында түседі. Кей жылдары қысқы ауа температурасы -52-ге дейін жеткен. Осыдан 20 жыл бұрын ұйытқыған желдің жылдамдығы секундына 36 метрге жеткен. Ауа райын болжау қызметкерлерінің айтуынша, жел жылдамдығы 20 метрге жеткен күннің өзінде қатты бұрқасын соғады. Бұл туралы тұрақты мекені жоқ Айбол Жақыпов жақсы білем, дейді. Ол бұған дейін жоғары білім алып, балалар дәрігері болған. Бірақ, айлакерлерге тап болып, пәтерімді арзан бағаға сотуға мәжбүр болдым, сосын құқжаттарым жоғалды, дейді ол:

- Кезінде өзім жаман тұрған жоқпын, жақсы тұрдым. Бірақ, үйімді сатып жібердім. Аязда вокзалдарда, кейде үйлердің кіре берістерінде қондым.

Бірақ, ең сорақысы мына аязда қолымды үсіріп алдым, дейді тұрақты мекені жоқ Айбол Жақыпов:

- Күн суық, түнде вокзалда қондым, салқын болды, бірақта мына аяз қатты аяз екен. Далада қалдым, ұйықтап қалдым. Содан барып үсіріп алдым.

Қазір Айбол Жақыпов сияқты баспанасыз қалған адамдар арнайы орталықтарға ағылып жатыр. Тұрғылықты мекені жоқ адамдарды оқшаулау орталығының директоры Әмина Мейманованың айтуынша, жазда Астананың тұрғылықты мекені жоқ адамдарды оқшаулау орталығында не бәрі 40 адам болса, қыста 150-ден асады. Соңғы түнде тағы 10 адам түскен:

- 10 адамнан кем болмайды. Күндеде күндізде түседі. Қазір қол аяғы үсігендер көп түсір жатыр.

Тұрғылықты мекені жоқ адамдарды оқшаулау орталығының директоры Әмина Мейманованың айтуынша, миграцияға байланысты Астанаға тек қазақстандықтар ғана емес көрші мемлекеттерден келгендерде көп:

- Өте көп жақтан кісілер келіп жатыр. Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан келіп жатыр.

Баспанасы жоқ ересек адамдар осындай орталықтарға келсе, кәмелетке толмағандарға бөлек орындар ескерілген. Кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін полиция қызметкері Галина Хабарованың айтуынша, 2005 жылы қадағалаусыз қалған балалар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға көтерілген. Және жаңа жылда бұрын тіркелмеген мүлде баспанасы жоқ 10 бала түсті, дейді ол.

Кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін полиция қызметкері Галина Хабарованың айтуынша, миграцияға байланысты кәмелетке толмағандарды оқшаулайтын Астана орталығында соңғы уақытта балалар көбейген. Көбісі сырттан келгендер, Ақмола және Қарағанды облысынан. Олар, саяжайларда, гараждарда, жертөлелерде тұрады, дейді ол.

Ал Қазақстан бойынша, ата-анасының қарауынан айырылған балалар саны 96 мыңға жетті деп хабарлайды мемлекеттік емес ұйымдар. Олардың 80 пайызының ата-анасы тірі, олар әлеуметтік жетімдер деп есептеледі. Аяз күндері зардап шегетін осы балалар.
XS
SM
MD
LG