Accessibility links

Украина президенті үкіметті тарату туралы қаулы шығарған парламенттің өзін таратуы мүмкін


АСТАНА. Украина президенті Виктор Ющенко Юрий Ехануровтың үкіметін тарату туралы қаулы қабылдаған Жоғарғы Раданың өзін тарату мүмкіндігі жоққа шығармады. Қазақстанда сапарда жүрген В.Ющенко ұлттық парламенттің әрекетін конституцияға қайшы келеді деп бағалады. Ол бастаған “Наша Украина” саяси блогі ресмибилікті 26-ншы наурыздағы парламент сайлауына дейін елде президенттің тікелей басқаруына көшуге шақырды. Кеше Украина парламенті – Жоғарғы Рада Ресей газын импорттау туралы Газпром компаниясымен арадағы келісім-шарт ұлттық мүддеге қайшы келеді деп Ю.Ехануровтың үкіметін тарату туралы Қаулы қабылдады. Сонымен бірге жаңа үкіметті жасақтау құқына Жоғарғы Рада сайлаудан кейін ғана ие бола алады.
XS
SM
MD
LG