Бұл жөнінде Анқарадан тұрып ұйым өкілі, аймақтық директор Марк Данзон хабарлаған. Дегенмен Денсаулық ұйымының дерегіне қарағанда, әзірше құс тұмауы дертінің адамнан адамға тікелей жұққан кезі байқалмаған. Құс тұмауы ауруынан Түркияда соңғы апталарда бір отбасыдан қатарынан 3 бала қаза тапты. Қытайда құс тұмауынан тағы да екі адам қаза тапты.
Дүниежүзілік денсаулық ұйымының мәліметіне қарағанда, Түркия құс тұмауы дертіне қарсы қажетті барлық шараларды іске асыруда
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсанға саяси баға беру, қуғын-сүргін ұйымдастырғандарды жауапқа тарту талабы неге аяқсыз қалды?
AzattyqTV