НЬЮ-ЙОРК. БҰҰ-ның Бас хатшысы К.Аннан 43 жастағы бельгиялық прокурор Серж Браммерцті Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рафик Әл-Хариридің қастандықтан қаза болуын тергейтін Ұлттар Ұйымы комиссиясының жаңа басшысы етіп тағайындады. С.Браммерц - әлгі қастандықты соңғы 6 ай бойы тергеп, таяуда ғана қызметтен кеткен неміс прокуроры Детлев Мехлистің орнына отырды. Өзінің есептерінде Д.Мехлис Әл-Хариридің өліміне Сирия мен Ливанның ресми өкілдерінің қатысы бар деп көрсетті. Өзінің қатысы болғанын Сирия табанды түрде жоққа шығарды. Р.Әл-Харири – Бейрут қаласында өткен жылдың ақпан айында жүхзеге асырылған қастандықтан қаза тапты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
"Құтқарушы ақ адам". Орыс қалай қазақты құтқарушыға айналды?