11-қаңтарда болған Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі 12-қаңтарда Қазақстан президенті мен Ресей президентінің ресми кездесуімен жалғасты. Екі жақты келіссөздер нәтижесінде екі мемлекеттің басшысы қазақстандық-ресейлік мемлекеттік шекара жөніндегі Шартты бекіту туралы грамоталар алмасу хаттамасына қол қойды. Сонымен қатар екі мемлекеттің қаржы саласындағы министрлері Еуразиялық даму банкін құру жөнінде келісімге қол қойды.
Бір жарым сағатқа созылған екі мемлекет басшыларының жеке кездесулерінен кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің таққа отыру салтанатынан кейін ресми түрде бірінші рет Ресей президенті Владимир Путинмен ресми кездесіп отырғанын мақтанышпен жеткізді. Сонымен қатар ол өзінің инаугурациядан кейінгі бірінші ресми сапарын да Ресейден бастайтындығын айтты. Ал Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин екі жақты келіссөздерден кейінгі ең басты қол жеткізген нәтиже деп Еуразиялық даму банкінің құрылуын атады. Ресей басшысының сөзінше, бұл банк бұрынғы посткеңестік мемлекеттердің және Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына үлкен әсер ететін болады.
Ресей президенті Владимир Путин Еуразиялық даму банкінің бастапқы жарнасы 1,5 млрд АҚШ доллары болатындығын айтты. Банктің штаб-пәтері Алматыда орналасады екен.
«Банктің басшысы Ресейдің өкілі болса, орынбасары қазақстандық азамат болады. Ал банктің бөлімшесін Сан-Петербордан ашатын боламыз», – деді Ресей президенті Владимир Путин.
Еуразиялық даму банкінің құрылуы жөнінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл негізінде қазақ-ресей банкі болып есептеледі деді. Екі мемлекеттің қаржысына құрылып отырған бұл банк Еуразия одағына мүше мемлекеттерге жаңаша серпін беретіндігін айтты.
«Өйткені, Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттер енді ақшаны басқа мемлекеттерден іздемейтін болады», – деді Қазақстан басшысы.
Ал екі мемлекеттің жоғары деңгейдегі тұлғаларының қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста Ресей президенті Владимир Путин біз екі мемлекеттің бейбіт жағдайда атом энергиясын пайдалану жөніндегі ынтмақтастыққа қызығушылық білдіреміз, деді. Оның сөзіне қарағанда, атом энергиясы саласында екі мемлекет арасында бір-бірін толықтыратын құрылымдар бар.
«Мәселен - Қазақстандағы табиғи уранды өндіру жұмысы», – деп атап өтті Владимир Путин.
Ал өз кезегінде Қазақстан басшысы өткен жылдың маңызды оқиғаларының бірі қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағында Ресей ғарыш агенттігімен бірлесіп қазақстандық жерсерігін ұшыру жөніндегі келісім екендігін атап өтіп, таяу арада аталған келісімнің нәтижесін көретіндігіне сенім білдірді.
Екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық салаларға байланысты Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жыл Қазақстанда Ресейдің ұлы жазушысы Александр Сергеевич Пушкиннің құрметіне Пушкин жылы болып жарияланғандығын айтты. Ал, Ресейде қазақтың ұлы ақыны Абай жылы болып жарияланыпты. Осыған байланысты Мәскеуде Абай ескерткіші бой көтеретін болса, биылғы жылы Астанада Пушкиннің ескерткіші орнатылады екен.
Сонымен қатар өз сөзінде Қазақстан басшысы Н.Назарбаев өткен жылғы президент сайлауында Ресей мемлекет басшысының және Ресейдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өзіне қолдау көрсеткеніне үлкен алғысын жеткізетіндігін айтты.