БҰҰ-ның құс тұмауы үйлестірушісі Дэвид Набарро алдағы аптада Бейжинде өтетін конференцияда делегаттарды осы аталған соманы толық мақұлдауды сұраймын дейді. Ол мұндай қаржы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың құс тұмауы індетіне қарсы шараларына көп көмек берер еді деп есептейді. Ал Токиода Дүниежүзілік денсаулық ұйымының қолдауымен құс тұмауынан сақтандыру жүйесін ертерек дамытуды мақсат еткен екі күндік конференция басталды. 2003 жылы құс тұмауының вирусы алғаш Оңтүстік-шығыс Азия мен Үндістанда табылғаннан бері бұл аймақта кемінде 78 адам осы індеттің құрбаны болды. Сондай-ақ Түркия елде өткен аптада көз жұмған үшінші баланың құс тұмауы вирусының құрбаны болғандығын растады.
Халықаралық денсаулық ұйымы әлем елдерін құс тұмауы індетіне қарсы күресуге 1,5 млрд доллар қаржы бөлуге шақырып отыр
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады