Accessibility links

Рим папасына қастандық жасаған адам түрмеден босатылды


Стамбул. Ширек ғасырдай уақыт бұрын Рим шіркеуінің басшысы Иоанн Павел екіншінің өміріне қастандық жасап, өлтірмекші болған түркиялық Мехмет Али Агжа түрмеден босатылды. Мехмет Агжа өмірінің19 жылын Италия түрмесінде өткізгеннен кейін, Италия билігі оған кешірім жасап Түркияға қайтарған-ды. Алайда ол алты жылдай Түркияда басқа бір қылмысы үшін абақтыда отырған. Мехмет Агжа 1981 жылы Римде Иоан Павелге қарсы оқ атқан еді. Кейіннен папа Иоанн Павел екінші өзін өлтірмекші болған қылмыскермен кездесіп оған кешірім де жасаған. Мехмет Агжаның не себепті мұндай қылмысқа барғандығы осы күнге дейін беймәлім.
XS
SM
MD
LG