Берлин. Үш мемлекеттің сыртқы істер министрлері Иранның ядролық зерттеулерді қайта жаңғырту шешіміне байланысты өткізген талқылаулары тығырыққа тірелген соң осындай ой айтты. Басқосу алдында Британия премьер-министрі Тони Блэр Иран мәселесін санкциялар салу үшін Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіне шығару керек деп айтты. АҚШ вице-президенті Дик Ченей де осыған ұқсас ой білдірді. Иран осы аптада халықаралық қауымдастықтың наразылығына қарамастан, Натанз фабрикасында ядролық зерттеулерді қайта жаңғыртты, Тегеран бұның бейбіт мақсат үшін екендігін мәлімдеп отыр.