Нью-Йорк. Халықаралық адам хұқтарын қорғау тобы Қырғызстаннан өзбекстандық төрт босқынды ол елге қайтарып жібермеуін сұрауда. Аталған ұйымның Европа мен Орталық Азия бөлімі директорының мәлімдемесінде Өзбекстанда қамалғандарға қысым мен азаптау көрсетулердің қалыпты жайт екендігі, егер босқындар қайтып баратын болса, оларды да сондай тағдыр күтіп тұрғандығы айтылған. Ташкент бұл төртеуі қайтып келетін болса, азаптауға ұшырамайды және халықаралық ұйымдардың өкілдері оларға жіберілетін болады деген. Ал Лондондағы Амнести интернашнл мұндай кепілдік жеткіліксіз дейді. Бұл адамдар өткен жылы мамыр айында Әндіжанда болған қантөгістен кейін Қырғызстанға өтіп кеткен, оларға БҰҰ-ның босқындар агенттігі босқындар мәртебесін берген.
Халықаралық адам хұқтарын қорғау тобы Қырғызстандағы өзбек босқындарының тағдырына алаңдаулы
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты