Астана. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті В.Путиннің бүгінгі келіссөздері энергия мен сауда саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналды. Путин Астанаға сәрсенбіде өткен Қазақстан президентінің ұлықтау рәсіміне қатысуға келген болатын. Келіссөздер барысында Ресей президенті энергиялық ынтымақтастықты кеңейте түсуге шақырды. Қазақстан президенті екіжақты қарым-қатынастың қарқынына өзінің қанағаттанатындығын білдіре келіп, лауазымына ресми кіріскеннен кейінгі алғашқы сапарды Ресей Федерациясына жасаймын дегенді айтты. Қазақ-Ресей ресмилері сонымен қатар бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды дейді. Сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік шекарасы туралы келісімді ратификациялайтын құжаттар алмасылды.