Accessibility links

Неміс канцлері ресми Вашингтонға, бір жағынан, наразылық білдіріп, екінші жағынан - өз көмегін ұлғайтуды ұсынбақшы


ВАШИНГТОН. Осыдан 2 ай бұрын қызметіне кіріскен Германия тарихындағы тұғыш канцлер-әйел Ангела Меркель бүгін АҚШ-қа алғаш рет сапарымен келеді. Бүгін ол Ақ үйде АҚШ президенті Дж.Бушпен кездесуге тиіс. Канцлер-әйелдің өзі атап көрсеткендей, Дж.Бушпен кездесуі кезінде әскери тұтқындарды АҚШ-тың Гуантанамодағы әскери базасында қамауда ұстаудың заңдылығына күмән келтірмекші. Сонымен бірге Меркель ханым, дипломатиялық ақпарат көзінің хабарлауынша, Ирақтың қайырымдылық саласындағы ахуалын түзетуге Германияның көмегін ұлғайтуды ұсынбақшы. Алдыңғысы сияқты Германиның қазіргі үкіметі де Ираққа әскер аттандыруды көздемейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG