Accessibility links

К.Райс: “Иран мәселесін” шешудің дипломатиялық жолы әлі аяқталған жоқ”


НЬЮ-ЙОРК. БҰҰ-ның Бас хатшысы К.Аннан Иранның ядролық бағдарламасына байланысты қарым-қатынастардың ушығуына өзінің қатты алаңдайтынын мәлімдеп, өзінің дәнекерлік көмегін ұсынды. Бұл пікірін К.Аннан Иранның Еуроодақпен арадағыв келіссөзіне жауапты өкілі Әли Лариджанимен телефон арқылы кешегі әңгімесінен кейін білдірді. Оның айтуынша, Ә.Лариджани Теһранның Еуроодақпен арадағы “маңызды да үйлесімді” келіссөзінің жалғасуына аса мүдделі екенін хабарлаған. Осы күні Берлинде Германия, Франция және Англияның өкілдері Иранды жазалау мақсатында оның “ядролық мәселесін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына беру керек деген ұйғарымға келді. Вашингтонда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Еуроодақтың бұл ұстанымын қолдады. Бірақ ол “Иран мәселесін” шешудің дипломатия жолы нәтиже бермеді деген пікірді жоққа шығарып, “біз дипломатияның жаңа деңгейіне шығамыз”, деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG