Accessibility links

Өзінің 1 әйелі бар чешен лидері елде көп әйел құқын енгізу керек деп мәлімдеді


ГРОЗНЫЙ. Чешенстан үкіметі төрағасының міндетін атқарушы Рамзан Қадыров республикада көп әйел алу құқын енгізу керек деп есептейді. Бүгін түнде “Эхо Москвы” радиосынан сөйлеген сөзінде ол Чешенстандағы соғыс қимылдарының салдарынан, түрлі мәлімет бойынша, республикадағы әйелдердің саны ерлерден 9-18 пайызға артық деп мәлімдеді. Оның пікірінше, шариғатқа сәйкес көп әйел алу құқын енгізу үшін заңдарды өзгерту шарт емес. “Жеке адамның өміріне килікпейік”, деп мәлімдеді 1 әйелі және 5 баласы бар Р.Қадыров.
XS
SM
MD
LG