Иран егер өзінің ядролық бағдарламасы мәселесі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде талқыланып, санкция жағдайы қаралатын болса, онда БҰҰ-мен өзара ынтымақтастықты тоқтатамыз деп ескертті. Иран Сыртқы істер министрі Мотакидің бүгін мәлімдегеніндей, Иран БҰҰ атом қуаты агенттігінің өз атомдық зерттеу алаңдарын тексерулерін тоқтатып, өзінің уран байыту жұмысын одан әрі жалғастыра бермек. Иран жағының жоғарыдағы мәлімдемесінен кейін-ақ Британия сыртқы істер министрі Джек Стро БиБиСи радиосына, егер Иран халықаралық қауымдастықтың талабын орындамайтын болса, онда Қауіпсіздік кеңесі Иранға қарсы санкция жариялауға кірісуі мүмкін деп ескертті. Дегенмен Джек Строның айтуынша, Иранға қарсы ешкім әскери әрекет жөнінде әңгіме қозғап отырған жоқ көрінеді. Иран азаматтық ядролық бағдарламасын бейбіт мақсатқа арнаймыз десе, Батыс елдері Иран ядролық атом бомбасын жасап шығырмақшы деген күдікті алға тартады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"