УЛАН-БАТОР. Кеше Монғолия премьер-министрі Цахилганиин Эльбегдорждың коалициялық үкіметі парламенттің мақұлдауынан кейін тарайтын болды. Үкімет құрамынан Монғолияның халықтық-төңкеріс партиясына жататын 10 мүшесінің кетуі салдарынан елде билік дағдарысы туды. Аталмыш партия Монғолияда коммунистік дәуірдің кейінгі 14 жыл бойы үстемдік етті. Парламентте қызу пікірталастан кейін билік басында 2 жыл да болмаған Эльбегдорждың үкіметі тарады. Халықтық-төңкеріс партиясының іс-қимылына риза болмаған жүздеген халық Улан-Баторда бейсенбі-жұма күндері шеруге шығып, қауіпсіздік күштерінің араласуынан кейін басылды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?