Accessibility links

Киев пен Мәскеу арасындағы “газ жанжалы” күтпеген жерден жалғасын тапты


КИЕВ. Ресми Мәскеу украин жағынан өзінің техникалық қызметкерлеріне Қара теңіз флотының құзырына қарайтын Ялтадағы маякқа баруына мүмкіндік берілуін талап етеді. Ол жайында Ресей сыртқы істер министрлігі мен Қара теңіз флотының мәлімдемелерінде айтылады. Кеше Украинаның көлік және байланыс министрлігінің өкілдері маякқа келіп, оған Ресей қызметкерлерін жібермеді. Украина сыртқы істер министрлігі шенеунектер Украинаның меншігі болып табылатын маякты гидрографиялық кәсіпорынға беру туралы соттың үкімі бойынша келді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG