Accessibility links

Ауғанстандағы жарылыстан екі адам қаза тапты


КАБУЛ. Ауғанстанның Қандағар қаласында орын алған жарылыстан кемінде екі адам құрбан болып, 10 кісі жараланды. Хабарларға қарағанда, бұл шабуыл Канадалық әскери көлікке бағытталған көрінеді. Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті “Талибан” қозғалысы өз мойынына алып отыр. Ауғанстанда Канаданың 650 әскері бар. Олардың көбі Қандағарда орналасқан.
XS
SM
MD
LG