Осылайша бұл елде аталған дертке шалдығушылар саны 19-ға жетіп отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша ол баланың осы жексенбі күні қаза болған 12 жасар әпкесінің ағзасынан H5N1 белгісі іздестірілуде. Зерттеу одан әрі жалғаспақшы. Бұл ағайынды балалардың ауру құстармен араласы болған, болмағандығы әлі белгісіз. Ван қаласындағы ауруханаға бұл балалар осыдан бес күн бұрын жеткізілген екен. Аталған дерттің адамнан адамға жұғу жағдайы әлі тіркелмеген.