Accessibility links

Қазақстанда құс тұмауы тіркелген елдерден құс етін сатып алуға тыйым салынды


Түркиямен Қытайдағы құс тұмауына шалдыққандар тіркеле басталғалы Қазақстан бірнеше шараларды жүзеге асыра бастады. Мысалы, халықаралық әуежайларда жолаушылардың денсаулығын қадағалау күшейтілді. Бұл әсіресе Түркия, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия оның ішінде Қытай, Таиланд елдерінен келген жолаушыларға қатысты. Ал, алдын алу шаралары шеңберінде Ресейден құс тұмауына қарсы дәрінің 1 миллион данасын сатып алу жоспарланған. Оның сыртында, құс тұмауы тіркелген елдерден құс етін сатып алуға тыйым салынды.

Қытай, Таиланд елдеріндегі өлі құстарда ауру табылған кезде, ол вирусты журналистер құс тұмауы атап кетті. Бертін келе бұл індет адамдарға тарады. Мамандардың пайымдауынша, індетті қазір жабайы құстарда таратуы мүмкін. Қазақстанның Орман және аң шаруашылығының бас инспекторы Жанат Дүйсенбековтың айтуынша, құстарды атуға болады, бірақ, биыл көктемде оларды атуға рұқсат берілетіні екі талай:

- Үйрек жұмыртқа басып жатқан кезде еркектері көп болып, ұрғашысына шабуыл жасайды екен. Сондықтан санын азайту үшін рұқсат беретін жылда. Бірақ, биыл көктемде біз аңшылық мерзімді ашайық деп отырған жоқпыз. Өйткені, Түркияда қазір көбейіпр жатыр. Ол бізге ұшып келеді Түркия және Үндістан арқылы, ал, Қытайдан бізге келмейді.

Алайда, Орман және аң шаруашылығының бас инспекторы Жанат Дүйсенбековтың айтуынша, қалталы және жоғары лауазымды адамдар заңдарды сыйлай бермейді:

- Қызыл кітапқа енгендерді атып жатыр. Біз оларды ұстап тергеу органдарына беріп жатырмыз. Ал, тергеу органдары оны жауып жатыр. Біздің жігіттер шынын айтқанда қолдарын үсіріп отыр, қалай дейді, Қызыл кітапқа енгендерді заңсыз атқандардың жартысы рақымшылыққа түсті. Біздің инспекторларғада шабуылдар жасала бастады. Бұрыңғы Ішкі істер органдарында істеген Алматының жігіттері және Ішкі істер министрлігінен, дейді. Мылтықпен ұрып, жемпірін жыртып, сондай әрекет жасаған. Оны қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне берейік деп отырмыз.

Науқас ошағына болжам жасау үшін, жылы жаққа ұшатын құстардың ауруларын сәл болсада қадағалап отыру керек. Жұқтырғышты тарататын солар, дейді мамандар. Бірақ, Қазақстанда бұл функция ешкімге жүктелмеген деседе болады. Санитарлы эпидимиологиялық қызметтер тек адамдардың науқастарын бақылайды. Ал, мал дәрігерлері тек үй жануарларын қадағалайды, дейді кейбір бақылаушылар. Ал, құс тұмауын зерттеген ғалым Қасым Мұқанов бұл ақпаратты теріске шығарып отыр:

- Құстар бізде тексеріледі, оған арнайы ветеринариялық ғылыми мекеме бар. Олар Оңтүстік, Шығыс Қазақстандағы құстарды атып алып, сараптап лабораториялық әдіспен тексереді.

Жалпы, вирустардың көбеюіне адамдардың өздері кінәлі, дейді дәрігерлер. Адамдар қазір ұшақтармен әлемнің кез келген нүктесінен тез арада індет жұқтырғыштары әкеліп жатады. Ресми мәлімет бойынша, Астана әуежайында «Тепловизор» деп аталатын жабдық орнатылды. Ол адам ағзасындағы құс тұмауын анықтауға тиіс. Ал, Алматы әуежайында бұл жабдық бір жарым жыл бұрын орнатылған. Жабдық арнайы сәуле арқылы адам денесінің қызыуын анықтайды. Ал, Ғалым Қасым Мұқановтың айтуынша, құс денесінің температурасы 41 градусқа жетеді, ал, адамның тыныс органдарындағы температура 35 градус шамасында болады, сондықтан, бұл вирус адам ағзасында тіршілік ете алмайды дейді ол. Әйтседе, Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Қайрат Тарбаевтың айтуынша, Қазақстан бірнеше шара дайындады:

- Қазіргі кезде шекарада кедендік бақылау күшейтілді. Әсіресе, Түркиямен құс тұмауы тіркелген елдермен. Сосын құс шаруашылықтарында ветеринарлық бақылау күшейтілді. Сосын елді мекендерде халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сосын құс тұмауы фактілері тіркелген кезде, ішкі істер департаменті, кеден, шекарашылар, ветеринарлардың өз міндеттері бар.

Оның сыртында, Қазақстан Ресейден құс тұмауына қарсы дәрінің 1 миллион данасын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстанның бас ветеринарлы инспекторы Асылбек Қажымұратов хабарлады. Алайда, дәрігерлердің айтуынша, бұл науқастан толық сауықтыратын дәрі әлі ойлап табылмаған. Дегенмен қазақстандық ғалымдар құс тұмауына қарсы дәрі жасап жатыр деп хабарланған. Әзірге, Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин халық алаңдамас үшін, теледидар арқылы мынадай ақпарат берді:

- Денсаулық министрлігі «Томифлюр» деп аталатын дәрінің 15 мыңнан астам бір егуге жататын көлемін сатып алып отыр. Бұл құс тұмауын емдейтін немесе аурудың алдын алатын әлемдегі бірден бір дәрі.

Үкімет осы арнайы препарат алу үшін, 62 миллион теңге бөлді, деп хабарланады. Құс фабрикаларында жұмыс істейтін адамдар тегін егіледі. Қаңтардың 16 күні Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы Қытайға ұшып кетті. Басты мақсат құс тұмауына қарсы халықаралық шаралармен танысу.
XS
SM
MD
LG