Accessibility links

Ауғанстандағы жарылыстан ондаған адам қаза тапты


КАБУЛ. “Ассошиэйтед Пресс” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Ауғанстанның шекарасындағы Спинболдак қаласында жанкешті жарған кемінде 20 адам құрбан болып, тағы басқа 20 кісі жараланды. Бұл оқиға туралы басқа егжей-тегжейлі хабар әзірше түскен жоқ. Басқа да хабарларға қарағанда, Ауғанстанда орын алған шабуылға байланысты жауапкершілікті “Талибан” қозғалысы өз мойынына алып отыр. Қандағар қаласында жанкешті жарған бомбадан бір Канадалық дипломат және екі Ауғанстан азаматы қаза тауып, кемінде 10 кісі жараланған болатын. “Талибан” қозғалысы Ауғанстаннан шетел күштерін шығару үшін елде тағы басқа шабуылдарды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз деп мәлімдеді. Канада премьер-министрі Пол Мартин Канада бұл оқиғаға қарамастан Ауғанстандағы жұмысын одан әрі жалғастыратын болады деп мәлімдеді. Ауғанстанда Канаданың 650 әскері бар.
XS
SM
MD
LG