Accessibility links

АҚШ әскери тікұшағы Бағдаттың солтүстігінде апатқа ұшырады


Оның екі жүргізушісі қаза болған екен. АН-64 Апачи атты тікұшақтың апатқа ұшырау себептерінің зерттеліп жатқаны жөнінде Америкалық әскерилер айтты. Мұның өзі соңғы 10 күн ішінде апатқа ұшыраған үшінші АҚШ тікұшағы болып отыр. Куәлар сөзіне сүйене отырып, Ройтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оған Мишада қаласына жақын маңнан атылған зымыран тиген екен. Бұл оқиға үшін жауапкершілікті өз мойындарына алатындығын бірдей уақытта көтерілісші үш ұйым мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG