Accessibility links

Еуропа одағы құс тұмау дертіне қарсы күрес үшін 120 млн доллар қаржы бөлмек


ЕуроОдақ комиссионері Маркос Киприанудың айтуынша, бұл қаржы алғашқы межеден 20 млн долларға көп. Ал Әлем банкының шамасы бойынша, Бейжиң бас қосуы нәтижесінде жоспарлы шара үшін 1 млрд 200 млн доллардай қаржы жиналуы мүмкін екен. Бұл шарада елдердің қоян-қолтық жұмыс істеуі қажет екендігіне тоқталған Дүниежүзілік денсаулық ұйымынан сарапшы Маргарет Чан былай дейді:

- Мұндай эпидемиялық жағдайда егер бір мемлекет қауіп астында болса, онда өзге елдер де сондай кейіпке түседі. Ал тұмау әлемге тез таралады, сондықтан ол дертке қарсы халықаралық қауымдастық болып бірге күресу қажет, - дейді сарапшы.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының мәлімдегеніндей, Швейцарияның Роше компаниясы құс тұмауы жеткен елдерге тағы да 20 млн-дай Тамифлу капсуласын жібермек.
XS
SM
MD
LG