Accessibility links

Израиль үкіметінің құрамында бірыңғай “Қадима” партиясының өкілдері қалды


ИЕРУСАЛИМ. Израиль премьер-министрінің міндетін атқарушы Эхау Ольмерт А.Шаронның 2 апта бойы ес-түссіз жатуына байланысты үкімет құрамын өзгертті. Цзиппи Ливни – Израиль тарихындағы сыртқы істер министрі болған екінші әйел болды. А.Шаронның тағы 3 үзеңгілесі үкімет құрамына қабылданды. Бұл лауазымдар - өткен аптада “Ликуд” партиясының 4 мүшесі кроалициялық үкімет құрамын тастап шығуынан кейін босаған болатын. Қазіргі үкіметте А.Шаронның құрған жаңа “Қадима” партиясының өкілдері ғана қалды. Бұл кабинет – 28-інші наурызға белгіленген парламент сайлауына дейін үзіліске кеткен парламенттің мақұлдауынсыз отыра береді. Ал осы кезде ауруханада әлі есіне келмей жатқан А.Шароның денсаулығы тұрақты ауыр қалпында қалды.
XS
SM
MD
LG