БРЮССЕЛЬ. Еуропаның жетекші елдері мен АҚШ Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзді жалғастыру туралы Теһранның жаңа ұсынысын қабылдамады. Оның ішінде ағылшын үкіметінің өкілі жаңа ұсынысты “мазмұнсыз” деп бағалады. Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров Иран уранды байыту бағдарламасын қайта тоқтатқанда ғана келіссөздің жалғасуы мүмкін деп мәлімдед. Ал Қытай бұл саяси дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге шақырады. Теһранның ядролық ізденістерін қайта қолға алуына байланысты ақпанның басында халықаралық МАГАТЭ агенттігі Иранның “ядролық ісін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына беру мүмкіндігін қарастыруға тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?