Бейсенбі күнгі санында «Егемен Қазақстан» газеті үкімет басшысы кандидатурасын саралаған сәрсенбі күнгі Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында білікті шешім қабылданғандығын айтады. Онда бұған дейін әсіресе елдің экономика саласында едәуір жетістіктерге қол жеткізген премьер-министр Даниял Ахметов үкіметі президент Н.Назарбаев белгілеп берген «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясын» одан әрі атқаруға мүмкіндік алғаны бұл елдегі саяси тұрақтылықтың белгісі екенін атап көрсеткен. Және де алдағы уақытта депутаттардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, олардың депутаттық саулдарына жауапкершілікпен қарап, үкіметтің атқарар жұмыстары әлі алда екені айтылған.
Ал 19 қаңтар күні жарық көрген нөмірінде «Экспресс К» басылымы президент Н.Назарбаевтың жаңа үкімет алдына қойған міндеттемелеріне тоқтала отырып, оның үкімет басшылығына ұсынған кандидатурасын депутаттар қолай көрмесе де, еріксіз бірауыздан мақұлдады дегенді айтады. Жалпы президент үкіметке бұл жолы ауыр да жауапты жұмыстарды жүктеп отырғаны енді олар үшін үлкен сын болғалы отыр делінген.
Бұл тақырыпты кеңірек қаузаған «Түркістан» газеті өзінің соңғы санында: «Үкімет басқарған үш жыл ішінде өзі қазақ тіліндегі «бірсыпыра» деген сөзді ғана майыстыра айтуды үйренгенімен, командасы мемлекеттік тілді жарылқай алмаған Данияр Ахметов премьер-министр орынтағын қайтадан иеленді» деп жазады. Және де онда әншейінде үкіметті сын тезіне жиі алатын депутаттар Д.Ахметовке бір ауыздан дауыс беруі үкімет басшысының дегенменде дипломат екенін көрсетіп бергендей делінген. Солай бола тұра Қазақстан президенті Д.Ахметовтың премьерлік мерзімін алты айға созғанға ұқсайды. Бұл ретте аталған басылым: «Президент үкімет алты айдың ішінде алға қойылған шаруаларды тындырмаса, әңгіменің бақаша болатынын да ескертті» деп жазады. Сондай-ақ осы санында «Түркістан» апталығы оқырмандарына «Көшпенділер» фильмінің прокатқа жарамай қалғаны рас па?» деген сауал тастапты. Онда тауық жылын дүрліктірген, тауық жылында қазақ мәдениетіне орасан зор жаңалық әкеледі деген «Көшпенділер» фильмінен тағы да, енді халықаралық деңгейде дау шыққандығы айтылған.
Жаңа үкіметке қатысты сараптама жүргізген «Ана тілі» апталығы бейсенбі күнгі санында үкімет басшысы мен оның мүшелері кім болады деген жорамалдардың аз болмағандығын, дегенмен сол болжамдардың келмегендігін алға тартады. Және де бұрнағы үкімет отставкаға кетуі керек деп жар салып жүрген депутаттардың өзі не қарсы, не қалыс қалмай бүкіл парламент депутаттары барлығы тегіс Д. Ахметовты қолдап шыққаны таңданыс туғызғанын айтады. Осы санында «Ана тілі» газеті «Көшпенділер» фильмі қалай түсірілді?» деген тақырыппен картинаның Қазақстан жағынан қосалқы режиссері болған Талғат Теменовтың мақаласын жариялапты. Онда сол кездегі үкімет басшысы болған И.Тасмағанбетов аталған картинаны өз басшылығына алып, ол туралы ой-ұсыныстарын Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының директорына хат арқылы жазғандығы айтылыпты. Т.Теменов қай премьер-министр киностудияның директорына хат жазыпты деп таңданыс білдіреді.
Ал 19 қаңтар күні жарық көрген нөмірінде «Жас алаш» басылымы «Ахметовты орнында қалдыру арқылы Назарбаев елде ешқандай өзгеріс болмайтынын, бәрі баз-баяғыша қалатынын байқатты» деген кейбір саясаттанушылардың пікірін беріпті. Бұл ретте саясаттанушы Ерлан Қарин аталған басылымға берген шағын сұхбатында: «...Экономикада шешілмеген біраз мәселе бар. Дағдарысқа алып келуі мүмкін алғышарттар бар. Онымен үкіметтің күресі сәтсіз аяқталатынын президент біліп отыр. Ахметовты қалдырғаны да содан» деген ойын білдіреді. Және де «Жас алаш» газеті «Көшпенділер» фильмін батыста көрсетпек болған «Миромакс» компаниясын картинаны прокатқа жарату үшін қайта түсіруге мәжбүрлеген қарадүрсіндік, кәсіби біліксіздік екенін жазады.