Бұл жерге Қазақстанның барлық облыстарынан жиналған 500-дей оппозиция өкілдерінің дені зейнет не орта жастағылар болғанымен аракідік жастар да бар. Өздері Демократия күні деп танитын осы күннің маңыздылығы жайлы «Қазақстандағы демократияны дамытуға қосқан үлесі үшін» берілетін «Азаттық»/«Свобода» сыйлығының бүгінгі жеңімпаздар қатарындағы, Қазақстан Коммунистік партиясының төрағасы Серікболсын Әбділдин былай дейді:
«Бұл күннің ең бір көп адамдар аңғара бермейтін нәтижесі – біздің Республикамызды монархиядан сақтап қалды. Егер бұрынғы қалпымен, үндемей-түндемей, ешкім қарсы шықпай жүре берсе, Назарбаев осы күнде Конституцияға өзгерістер енгізіп үлгеретін еді. Өзі өмір бақи президент болып, сонан кейін өзінің ұрпағына беретіндей жағдайды жасауға дайындығы бар екені сезілген. Екінші, бұл 19 қаңтардың ерекшелігі – ол мына оппозицияда жүрген адамдардың күшін көбейтті, өзгелері де оппозицияға шықты, алғашында орта жолды ұстаймыз деген қозғалыс негізінде мына қазіргі режимге қарсы қозғалыс болып шықты».
Ал осы «Қазақстандағы демократияны дамытуға қосқан үлесі үшін» берілетін «Азаттық»/«Свобода» сыйлығын қазір бүгінгі лауреаттарды қоса есептегенде Қазақстанның 16 азаматы алыпты. Олардың арасында белгілі журналистер Асхат Шәріпжан, Ермурат Бапи, Жұмабай Доспанов, Геннадий Бендицкий, Сергей Дувановтар бар. «Бұл сыйлықтың дипломы мен белгі – символы ғана бар» дейді, осы сыйлықтың жүлдегерлерінің бірі Жұмабай Доспанов:
«Бұл сыйлықтың қаржылайы жоқ, оны демократияда жүргендер түсінеді де, ешкім ақша үшін жүрген жоқ қой. Сол, символ мен дипломы анау үкіметтің сыйлығынан кем емес, қайта артық деуге болады».
ДВК-лық Асылбек Қожахметов өз сөзінде оппозиция өз көсемдерінің бірі Ғалымжан Жақияновтың түрмеден босатылуын қуана қарсы алатынын айта келіп, «биліктің бұл қадамы оппозицияның саяси диалогқа баруын жақындататын шара» деп бағалады.
«Шындап келгенде саяси диалогқа жол ашылды, биліктің келесі қадамы – оппозицияның негізін қалаушылардың бірі, қазірде шетелде жүрген Әкежан Қажыгелдиннің елге кедергісіз оралуына рұқсат етуі болар еді», - деді А.Қожахметов.
Естеріңізге салсақ, кезінде халық арасында НКВД деп аталып кеткен Демократияны дамытудың ұлттық комиссия жұмысына оппозиция өкілдері өздерінің қатысу шарты ретінде Ғалымжан Жақияновтың түрмеден босатылуын талап еткен болатын, енді олар биліктен оппозицияның шетелдегі өкілі Әкежан Қажыгелдиннің елге оралуын талап ететін сыңайлы. Оппозиция өкілдері өздері 19-қаңтарда атап өткен Демократия күнін ертелі-кеш, бүкіл Республика болып атап өтеміз деп сенеді. Бірақ, оппозицияның аздаған өкілдері болмаса, тіршілік қамымен жүрген Қазақстандағы бейсаяси көпшілік мұндай күннің барлығын да білмеді.