Accessibility links

Пәкістанның арнайы барлау қызметі өткен аптада АҚШ әскерінің әуеден берген соққысынан қаза болған төрт әл-Қаида мүшесінің үшеуінің аты-жөнін анықтады


Олардың бірі әл-Қаида жетекшілерінің бірі Айман әл Зауахридің күйеу баласы. Тағы біреуі жарылғыш заттар дайындаушы маман Мидхат Мурси әл Сауид Умар болып отыр. Уашингтон оны ұстап берген адамға 5 млн доллар беретінін мәлімдеген. Бұл экстремистердің кездесуі өтіп жатыр делініп нысанаға алынған Пәкістанның солтүстік батысындағы Дамадола елді мекеніне шабуылдан бейбіт тұрғындары бар 18 адам қайтыс болған еді. Енді Пешавардан түскен соңғы хабарларға қарағанда, Пәкістанның солтүстік батысында 1000-дай адам ереуілге шығып, қолдарына Америкаға қарсы ұрандар ұстап, Америкаға өлім, Жихад деп айқайлады. АҚШ одақтастарына қарсы радикалды діни топтар, ертең де Лахор қаласында наразылық шерулерін өткізуді жоспарлап отырғандықтарын айтқан.
XS
SM
MD
LG