Алайда мұндай әрекеттің дайындалып жатқанын Вашингтон растаған жоқ. Ал Ирақтың әділет министрінің өкілі алты тұтқын әйелдің босатылуы Джилл Кэролды ұстап отырғандардың қойып отырған талабына байланысты емес дейді. Бұдан бірнеше күн бұрын әл-Жазира телеарнасы журналисті кепілдікке алғандардың 72 сағаттың ішінде Ирақта түрмеде отырған барлық әйелдер босатылмаса, Джилл Кэролды өлтіреміз деген ескертуін эфирден берген болатын. Кэролл осы айдың бас кезінде ұрлап әкетілген және оның аудармашысы өлтірілген еді. Кеше Бағдадтың орталығында болған екі бомба шабуылында кемінде 20-ға жуық адам опат болған. Жанкешті бомбаны адам көп болған кафеде жарып жіберген. Бірер секундтан кейін сол көшедегі мейрамханаға кіре берісте бомба қойған көлік жарылған. Қаза тапқандардың ішінде әйелдер мен полицейлер бар.