Енді қаржы министрлігін әйел басқарады. Наталья Коржованың бақылауына ел қаражаты, кеден, салық және қазына саласы берілді. Бұған дейінгі қызметтерінің бірінде Наталья Коржова еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болған. Ол кезде Коржованың жұмысына наразылық білдірген митингілер жиі өткізілетін, дейді бақылаушылар. Өйткені дәл сол кезде Қазақстан билігі ақша тапшылығына байланысты жеңілдіктер болмайды деп хабарлаған. Саясаткер Дос Көшімнің айтуынша, жаңа үкімет өздігінен жаңа реформалар жүргізетіні екіталай:
- Коржованың қаржы министрлігіне келуі мені таң қалдырады. Себебі, ол бұрын министр болып тұрған уақыттарында үлкен жетістіктерге жетті деп айтуға болмайды. Осының бәрі бір ауыз сөзбен президенттің сенімді адамдарының аз екендігін көрсетеді. Жалпы, жаңадан леп келгендігін мен көріп отырған жоқпын және келмейтіндігін білгем. Себебі бізде барлық мәселені атқару үкіметі емес, президент шешеді. Сондықтан президенттің сенімді адамдары келу керек. Бұлардың барлығы белгілі бір механизмнің кішкентай винтиктері, биліктің басты бағытымен жүруге тура келеді олардың барлығына.
Саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің айтуынша, үкіметте жастар аз:
- Коржова үлкен топтарға байланысты емес. Мүмкін жастарға сенімсіздік туған шығар. Оның орыс болғандығы және әйел болғандығы ескерілген. Жалпы бұл жаңа форматта жұмыс істейтін адамның аздығын көрсетеді. Өйткені, бюджеттегі жиналған қаражатты дұрыс жасай алмай жатқандығы, әлемдік сауда ұйымына кіруге байланысты көптеген әрекеттер, тіпті мұнайдан түскен ақшаны дұрыс қолдана білетін жаңа мамандар керек. Ал, бізде Ахметов сияқты өнеркәсіптен өскен адамдар. Өкінішке орай Мыңбаев сияқты Кәкімжанов сияқты адамдар жоқ.
Саясаттанушы Болатхан Тайжанның айтуынша, министрлердің көбі білікті мамандар бірақ өз пікірлерін ұстанатыны күмәнді:
- Барлығы өздері бара жатқан министрліктерін жақсы таниды. Барлығын бір сипаттап айтсақ, олар айтқанды жақсы орындайтын адамдар. Ал, бірақ, табан тіреп өз пікірін ұстанып соны дәлелдеп тұратын адамдар емес. Жалпы, қазіргі үкімет өз бетімен реформа жасап ел басына жаңалық ашып жол сілтейтін топ емес.
Сарапшылардың айтуынша, бұған дейінгі болжамдар орындалды, тек екі негізгі министрлік басшыларын тағайындау күтілмеген. Ол қаржы министрлігі мен ақпарат министрлігі. Ал, ақпарат министрі болып бұған дейін президент резиденциясында отырған кеңесші Ермұхамет Ертісбаев тағайындалды. Сарапшылардың айтуынша, бұл адам ақпараттандыру саясатын өзгертуі мүмкін. Саясаткер Дос Көшімнің айтуынша, Ертісбаевтің министр болуы тек бір жаққа тиімді:
- Ертісбаевтің келгені БАҚ-тағы жағдайдың ең негізгі мәселе екендігін биліктің жақсы түсінгендігін көрсетеді. Себебі, осы сала ең сенімді адамға берілді. Және екіншіден, Ермұхамет демократиялық сипатта да, халықаралық деңгейде де ойнай алатын адам. Ал, ұлттық мәселеге келгенде Ермұхаметтің келгені мені қуанта қоймайды. Оның ұлттық позициясын мен осы уақытқа дейін әлі көрген жоқпын.
Саясаттанушы Болатхан Тайжанның айтуынша, Ертісбаевтың дарыны халық игілігіне пайдаланбай келеді:
- Ертісбаев Қазақстанда тұрып қазақ тілін, әдебиетін, мәдениетін, тарихын білетін адам емес. Қалайша Қазақстан мәдениетін сол мәдениетті білмейтін адам басқарады! Біздің тілімізді, поэзиямызды, қазақ драматургиясын білмейтін адам қалай мәдениетті басқарады, соған таң қаламын! Ақпарат жағына келсек, оның өз көзқарасы жоқ. Ол айтқанды бұлжытпай орындап көкке жеткізіп мадақтап отыратын адам. Оның бойына біткен дарын, мүмкіншілік халқымыздың болашағына пайдаланып отырған жоқ.
Саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің айтуынша, 2005-жылғы министрлер кабинетінің 2006-жылғыдан ерекшеліктері шамалы:
- Премьер-министрдің өзінің қалғаны, команда құрамының ауыспауы, сырттан келген адамның аздығы. Мұнда Ертісбаевты айтуға болады. Ол бұрынғыдай өз сөздерін айтып жүрген жоқ, енді өз мойнына үлкен жауапкершілік алып отыр. Өйткені үкімет, жалпы билік оппозициямен дұрыс жұмыс ұйымдастыра алмады. Оларды биліктің жұмысына жақындататындай мүмкіншілік жасау керек деп ойлаймын.
Қалған 10 министр орындарын ауыстырған жоқ. Бақылаушылардың айтуынша, бұл жолы да көптеген министрлер үкіметтен мүлдем кетпей тек орындарын ауыстырды.