Accessibility links

Әлем елдері ғалымдары құс тұмауы дертіне қарсы қолданатын вакцина жасау шарасына кірісті


АҚШ-тық ғалымдар алғашқылардың бірі болып, тәжірибелік вакцина жасап та үлгерді. Енді американдық дәрігерлер ол вакцинаны сынақтан өткізіп, оны дамыту барысында құс тұмауы вирусына қарсы күрес жолдарын одан әрі жетілдіре түсуге күш салуда.

Осыдан екі жыл бұрын 2004 жылы, Вьетнамда құс тұмауын жұқтырған бір науқастан H5N1 вирусы алынып, ғалымдар одан алғашқы рет вакцина дамытып көрген болатын. Алғашқы сынақтардың көрсеткеніндей, ол тәжірибелік вакцина қолданылған науқастарда инфекцияға қарсы иммундық қарсы тұру күші пайда болған. Қаңтардағы тәжірибелік сынақтарда Вашингтон маңайындағы Мериланд университетінің ерікті студент-магистранттары қатысқан. Дегенмен әзірше бұл вакцинаның құс тұмауы дертінің кісіден кісіге өтер кезіндегі әсері жөнінде ғалымдар бірер қорытынды пікір айтуға мүмкіндіктері болмай тұрған сияқты.

Бұл жөнінде Вашингтондағы әлемдік даму орталығының аға стажеры Морин Льюис былай дейді:

- Мәселенің қиындығы сол - кісіден кісіге жұғатын аурудың табиғатын әлі біз толық анықтап алған жоқпыз. Сондықтан, ол беймәлім дертке қарсы қолданатын вакцинаны дамыту әзірше қиынға түсіп отыр. Оның үстіне, бізге мәлім вирустардың өзі де тұрақсыз, өзгеріп тұрады, - дейді Льюис.

Льюистың айтуынша, ғалымдар ертеректе орын алған тыныс жолдары синдромы САРС дертін зерттеу кезінде өте пайдалы сабаққа ие болған. 2002-2003 жылдары ол ауру Қытайдан басталып, 25 елді шарлап өткен болатын, дейді зерттеуші. Дегенмен, ғалымдар енді құс тұмауына байланысты вакцинаны дамыту кезінде тағы да таза жаңалықтарға кезігуде. Ғалымдардың пікірінше, адамдарды H5N1 вирусынан қорғап қалу үшін бұл вакцинаның өте көп бөлігін сынақтан өткізу қажет екен.

АҚШ-тағы жұқпалы аурулар қоғамының комитет төрағасы др.Павианың айтуынша, осы кезге дейін жасалған тәжірибенің нәтижесі игі болып тұр екен.

- Дегенмен, оның айтуынша, әлі де болса ол вакцинаны көптеген адамға қолданып, оның нәтижесін нақтылай түсу қажет көрінеді.

Бірақ, әзірше әлем елдеріндегі дәрі жасау секторының мүмкіндігі шектеулі болып тұр. Хабарларға қарағанда, Канада үкіметі де, теоретикалық тұрғыдан алғанда, азаматтарға жеткілікті деңгейдегі вакцинаға иелік етпек. Канада жергілікті бір дәрі қамтамасыз етуші фирмамен 10 жылдық келісімге де отырыпты. Қажетті вакцина жасалған кезден-ақ, бұл фирма канадалық әрбір азаматқа қажетті дәрі жеткізу мәселесін өз жауапкершілігіне алмақ екен.

Дегенмен, Армения, Украина және Грузия секілді вакцина шығаратын мүмкіндіктері жоқ елдер бұл шараны қолға алған Ресейден көмек алатын болар. Себебі, бұрынғы советтік заманда ондай шаралар негізінен, Ресейде іске асатын. Міне, сол мүмкіндік енді Ресейдің өз қолында. Десек те, Ресейдің өзі де енді құс дертіне қарсы бұл жаңа вакцинаны жасауда Дүниежүзілік денсаулық ұйымының көмегіне зәру болып отыр, дейді мамандар.
XS
SM
MD
LG