Accessibility links

Халықаралық адам құқықтары ұйымы «Хьюман Райтс Уач» Өзбекстаннан құқық қорғаушы Саиджахон Зайнабиддинов жөнінде дерек-мәлімет берілуін талап етті


С.Зайнабиддинов мамырдағы Әндіжан қырғынының куәсі болып, ол қантөгіс жөнінде журналистер мен шетелдік дипломаттарға өз көзімен көргендерін айтқандығы үшін кінәлі болып отыр. «Хьюман Райтс Уач» ұйымының хабарлауынша, С.Зайнабиддинов 8 айдан бері абақтыда қамауда отыр. Екі аптадан бері сотта жауап беруде. Оның отбасы отағасының қайда екендігінен бейхабар.
XS
SM
MD
LG