Мәскеу. Соңғы тәуліктерде кемінде 27 адам суықта үсікке шалынып опат болса, олардың бесеуі Мәскеудің өзінде қайтыс болған. Күн райының қатты суытуы Европаның кейбір аймақтарына да жетті. Латвия астанасы Рига қаласында ауаның температурасы минус 27 градусты көрсеткен, осыншалықты аяз мұнда соңғы жүз жылдықта алғаш рет байқалған. Украинада үсікке шалынған адамдар ауруханаларға жеткізіліп, мектептер мен шахталар жабылған. Данияда да мектептердің жабылғаны турасында хабарланды. Норвегияда 26 мыңнан астам адам электр жарығынсыз қалған. Түркияның шығысында мыңнан астам ауыл қар мен қатты суықтан сыртқы әлеммен байланыссыз қалды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?