Accessibility links

Түркияның ауылшаруашылық министрі көршілес елдер өздерінде құс тұмауы болса да жасырып отыр деп айыптады


Анкара. Ауылшаруашылық министрі Мехди Екер кейбір көршілер жабық режимді желеу етіп, өз жерлеріндегі құс тұмауының оқиғаларын жариялаудан бас тартып отыр деген. Бірақ ол нақты қайсы елдер екенін атамаған. Түркиямен көршілес жатқан елдерге Иран, Армения, Грузия, Ирақ, Сирия кіреді. Сирия бірден бұл айыптауды жоққа шығарды. Бір күн бұрын Әлемдік денсаулық ұйымы Түркияда құс тұмауы ауыздықталып келеді деп айтқан еді. Желтоқсан айынан бері құс тұмауынан Түркияда төрт бала құрбан болды. Елде құс тұмауының вирусын жұқтырған тағы 21 адам тіркелген.
XS
SM
MD
LG