Accessibility links

Израил Тель-Авивтегі жанкештілік бомба жарылысы үшін Иран мен Сирияны айыптады


Иеурсалим. Бейсенбі күні палестиндік жанкешті жарған бомба жарылысында 30-дай адам жарақаттанған болатын. Израил премьер-министрінің аға кеңесшісі Раанан Гиссин мұндай қақтығыстар Израилдың да, Палестиннің де билігіне қауіп төндіреді деп атап көрсеткен.

- Бізде бұл шабуылға байланысты нақты дәлелдер бар, оны қаржыландыру Тегераннан келсе, ол Дамаскіде жоспарланған, өйткені бұл Ислам жихадының штабы және Наблустағы жергілікті ұйымдар жүзеге асырып отыр, - деген.

Шабуыл жауапкершілігін Ислам жихады алған болатын. Сирия ресмилері бұл айыптауларды жоққа шығаруда. Ал Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі мұндай айыптаудың негізсіз екендігін айтқан. Кеше Дамаскіде Иран президенті Махмұд Ахмадинежад Палестин көтерілісшілерінің жетекшілерімен кездескеннен кейін оларға қолдау көрсететіндігін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG