Бағдад. 20-қаңтарда американдық журналист Джилл Кэролды кепілдік тұтқынына алғандар қойған шартты мерзім аяқталды, бірақ журналистің тағдыры жайында ештеңе естілмейді. Кэролды кепілдікке алғандар Ирақ түрмелеріндегі әйелдер 72 сағаттың ішінде босатылмаса, оны өлтіреміз деп, 17-қаңтарда ескерткен болатын. Әзірше түрмедегі әйелдердің қашан босатылатыны белгісіз. Ирақ ресмилері оларды босатар едік дегенімен де, АҚШ тұтқын әйелдерді дереу бостандыққа шығару жоспарланып отырмағанын айтқан. Бұл аралықта Кэролды босату шаралары жалғасуда. Кеше Ирақ сунниттерінің ең ықпалды деген жетекшілерінің бірі Аднан әл-Дулаими американдық журналист бостандыққа жіберілсін деген талап қойды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Алаштың" алғашқы қадамы. Қамаудан шыққандар қайта қамалды