Accessibility links

Бүгін Түркменстан президенті Сапармұрат Ниязовтың Ресейге екі күндік сапары басталады


Мәскеу. Түркменстан президенті Сапармұрат Ниязов Ресей президенті В.Путинмен Орталық Азиядан газбен жабдықтау мәселесін талқылайтын болады. Түркменстан газы Жаңа жылдың басындағы Ресей мен Украина арасындағы газ дауының бір бөлігі болып табылады. Талқылаулардан соң Украина Ресей мен Орта Азия газын, соның ішінде Түркменстан да бар, әрбір мың текше метрін 95 доллардан сатып алатын болды. Бірақ та мұндай келісімнің өзі Украиналық заң шығарушылар тарабынан айыпталып, парламент отын және энергетика министрі, ел үкіметі отставкаға кетсін деп дауыс берген болатын. Ал Украина президенті бұны Конституцияға жатпайды деп атады. Кеше Ресей мен Украина даулы газ мәселесіне байланысты келісімге қол қоюды кейінге қалдырды.
XS
SM
MD
LG