Accessibility links

Ирақта кепілдік тұтқынға алынған АҚШ-тық журналист Джил Карролға қойылған мерзімдік шарты аяқталды


Джилл Каролды осыдан 2 апта бұрын ұрлап әкеткен болатын. Адам ұрылары қойған шарт бойынша журналисті аман қалдыру үшін АҚШ әскерилері абақтыда ұстап отырған барлық Ирақ әйел-қыздары қаңтардың 20-сына дейін босатылуы тиіс болатын. Араб теледидары жұма күні бейнетаспадан Джиллдың әкесінің өз қызын босату жөніндегі өтінішін қайталай отырып көрсетті. Сондай-ақ, жасы 28-дегі журналистің азат етілуін Сунни араб жетекшілері және әлем мұсылмандары қауымшылығы да өтіне сұрауда. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі МкКормактың айтуынша, АҚШ ресмилері Джилл Каролды құтқару бойынша жұмыс атқаруда екен.

- Әрине, біздің бәріміз Джилk және оның отбасы үшін игі тілектер айтудамыз. Ирақтықтар, үкімет және басқалар өзара бірлесіп, оны аман-есен алып қалу жолында әрекет жасаудамыз, - дейді МкКормак.

Нью-Йорктағы журналистерді қорғау комитетінің деректеріне қарағанда, Ирақта 2004 жылдан бері 36 журналист ұрланған, кепілдік тұтқынға алынған. Олардың алтауы өлтірілген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG