Accessibility links

Ресейдегі қақаған аяз бірқатар Еуропа еліне жақындап төніп келеді


МӘСКЕУ. Қақаған аяз Ресейдің басым бөлігін басып, батысқа қарай ығып келеді. Ауаның температурасы минус 33-ке дейін төмендеген Мәскеуде талай адам үсіп өлді. Кеше кешке тағы 3 кісі үсіп өлген болса, өткен аптада аяздан кем дегенде 79 адам қаза болды. Қақаған аяздан Ресейдің түрлі елді-мекенінде жылу жүйелері істен шығып жатыр. Суық ауа-райы Батысқа қарай ығып, кеше кешкісін Эстонияда ауаның температурасы минус 26-ға дейін түсті. Германияның Шығысында күн 1 тәуліктің ішінде 19 градусқа дейін күрт құлдырап, нөлге жетті. Болгарияның энергетика министрлігі күннің бүгін салқындайтынын хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG