Accessibility links

Косовоның тәуелсіздігі үшін бейбіт жолмен күрескен президенті 26-қаңтарда жерленеді


ПРИШТИНА. Косово өлкесінің президенті Ибраһим Ругова осы өлкенің астанасы – Приштина қаласында 26-ншы қаңтар күні жерленеді. И.Ругова - өкпесінен шыққан ісіктен 61 жасында 21-інші қаңтар күні дүние салды. Оның қазасына байланысты Косово өлкесінің мәртебесі бойынша 25-інші қаңтарда Вена қаласында өтуге тиісті келіссөз келесі айға ысырылды. Осы келіссөзге БҰҰ-ы атынан қатысатын басты дәнекердің өкілі хабарлағандай, келіссөздің жаңа мезгілі әлі нақты белгіленген жоқ. Ибраһим Ругова – Косово өлкесінің Сербиядан тәуелсіздігі үшін бейбіт жолмен күресті.
XS
SM
MD
LG