Accessibility links

Газдың 1 тәулікке жететін қоры қалған Грузияны көгілдер отынмен Әзірбайжан қамтамасыз етеді


ТБИЛИСИ. ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ресей газын Грузия мен Арменияға тасымалдайтын 2 газ құбырының бүгін жарылып істен шығуынан кейін Әзірбайжан Грузияны газбен қамтамасыз етуге келісті. Грузияның энергетика министрлігі елде газдың 1 тәулікке жететін қоры қалғанын мәлімдесе, Ресей жағы құбырды жөндеп іске қосуға бірнеше күн керек деп отыр. 2 жарылыстың неден болғаны белгісіз, қазір тергеу жүріп жатыр. Грузин президенті М.Саакашвили осы жарылыстардың соңында Ресей тұр деп айыптап, Тбилисиге қысым көрсету мақсатында газды қасақана жабу үшін Мәскеу жылдың ең суық маусымын таңдап отыр, деп ойлайтынын айтты. Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, ГазПром компаниясы кез-келген төтенше оқиғаға “саяси сипат” беруге болмайды деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG