Accessibility links

Ирақтағы Иран елшілігінің жанында бомба орнатылған автокөлік жарылып, кісі өлімі болды


БАҒДАД. Ирақ полициясының хабарлауынша, бүгін Бағдад қаласындағы жақсы қорғалатын “Жасыл аймақ” маңында жанкешті-лаңкес өзінің автобомбасын жарып, одан кем дегенде 2 кісі қаза тапты, кемінде тағы 5 адам, оның ішінде 3 полицей жараланды. Полиция өкілінің айтуынша, автобомба полиция патрулі Иран елшілігінің жанынан өтіп бара жатқан кезде жарылған. Елшілікке нұқсан келмеді. Ирақ үкіметі шийттер басым дауыс алған 15-інші желтоқсандағы парламент сайлауының қорытындысы жарияланған жұмадан бері қарай сүннитердің тосын шабуылдарының үдеу түсуі мүмкін екенін ескерткен болатын.
XS
SM
MD
LG